9 декабря 2011

"Оңтүстік" АЭА-да жаңа 3-ші жоба Шымкент-Кашемир ЖШС-і іске қосылды.

      2011 жылдың 9 желтоқсанында Елбасының қатысуымен Телекөпір арқылы «Шымкент-Кашемир» ЖШС қой және түйе жүнінен, сондай-ақ түбіттен сырып тігілген көрпелер өндірісі бойынша «Дайын тоқыма бұйымдарын өндіруді ұйымдастыру» жобасының  I-кезеңі іске қосылды.

28 октября 2010

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына жұмыс сапары.

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағындағы "Oxy Textile" ЖШС-нің мақта-мата жібін шығаратын фабриканы аралады.

6 мая 2010

"Тоқыма өнеркәсібі дамуының болашағы және кадрлар дайындау мәселелері" тақырыбына арналған семинар-конференция

2010 жылғы 6 мамырда мемлекеттік мекеме "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы Дирекциясы Оңтүстік Қазақстан Облысы Әкімшілігі қолдауымен "Тоқыма өнеркәсібі дамуының болашағы және кадрлар дайындау мәселелері" тақырыбына арналған семинар-конференция өткізді.

Адрес:

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Жұлдыз а/о, Жұлдыз ауылы, Ленгір тас жолы, 7 км

Телефоны:

тел.: 8(7252) 249 266
факс: 8(7252) 249 261

Қазақстан Республикасы туралы

Қазақстан Республикасы туралы

Қазақстан Республикасының тарихы
Қазақстан – бұл бай тарихи және мәдени өткен тарихы бар ел. Еуразия құрлығының нақ жүрегінде орналасқан Қазақстан ежелгі заманғы әлем өркениетінің тоғысқан жерінде, көлік жолдарының қиылысқан жерінде, Шығыс пен Батыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің, Еуропа мен Азияның арасында, Еуразиялық құрлықтың өте ірі мемлекеттік құрылымдарының арасында орналасады.
Қазақстанның тарихы Орталық Азияны мекендеген басқа түрік халықтарының тарихымен тығыз байланысты және көптеген мыңжылдықтарға созылып жатыр.
Қазақ мемлекетін Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аумағында – Жетісуда және Шу өзенінің аңғарында бірінші рет 1470 жылы әртүрлі тайпаларды біртұтас ұлтқа – қазақ ұлтына біріктірген қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керей құрған болатын.
Қазақтардың негізгі шыққан арғы атасы – қазіргі заманғы Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан ежелгі тайпалар болып табылады. Ең басында бұл Андроновтар тайпалары, содан кейін – Сақ тайпалары (немесе Скифтер), олардан кейін Үйсін, Қаңлы, Ғұн (немесе Ғұндар) тайпалары болды. Қазақстан Республикасының аумағына келіп қоныстанған жаңа тайпалар жергілікті тайпалармен араласып, жергілікті тұрғындарды құрған болатын.
«Түрік» термині алғашқы рет 6 ғасырдың екінші жартысында жасалған жазбаларда көрініс табады. 6 ғасыр – 13 ғасырдың басы Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ Қағанаттарының, сонымен қатар Оғыз, Қараханидтер, Қыймақтар мен Қыпшақтар мемлекетінің пайда болуымен сипатталады. Олар бір-бірін Қазақстанға монғолдардың басып кіруіне дейін ауыстырып отырды. 13 ғасырдың басында Моңғолдар басып енгеннен кейін Қазақстанда Шыңғыс Ханның ұлдары басқарған ұлыстар құрылды. Осылайша, Ақ Орданы (кейіннен Қазақ Хандығын) Шыңғыс Ханның үлкен ұлы – Жошы басқарған болатын.

Жетістіктері. Даму міндеттері
Қазақстанның барлық сыртқы өнімі (2006 жылғы көрсеткіш бойынша) әрбір тұрғынға 5083 АҚШ долларына тең келетіндіктен, орташа табысы бар елдердің қатарына жатады. Орталық Азиядағы аса ірі мемлекет бола отырып және дүние жүзіндегі аумағы бойынша 9-шы орынды иелетіндіктен, түрлі табиғи ресурстарға (мамандардың жасаған бағамы бойынша еліміз табиғи ресурстарды иеленуіне байланысты 6-шы орынды иеленеді) және ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруге қолайлы жер табындарыне ие. Елдің дамуының бірден-бір көзі ретінде оның Еуразияның дәл жүрегінде орналасқан геополитикалық орналасуы болып табылады.

1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің ішінде бірінші болып алға қарай батыл қадам жасап, қайта құрулар жүргізе бастады. Үкіметіміз бай қорлары бар мұнай және тау-кен өнідірісі секторларына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту үшін негізгі механизмдерді жасаған болатын. Содан кейін банк секторындағы қайта құрулар өз ретін тапты, атап айтқанда зейнетақы жүйесі мен электр энергетикасын қайта құрудағы алдыңғы қатарлы қайта құрулар жүргізілді. Қазіргі уақытқа дейін еліміздің экономикасы айтарлықтай деңгейде шикізаттық бағытқа ие болды, алайда еліміздің басшылығы жан-жақтылықтың қажеттілігін анық сезеді, соған байланысты экономиканың өндіріссіз салаларын дамыту және экономиканы әртүрлі салада жан-жақты дамыту бойынша бағдарлама жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда Қазақстан толығымен саяси және экономикалық жағынан толығымен дүние жүзілік қоғамдастыққа бірігеді. Қарқынды дипломатиялық қызметтің нәтижесінде Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде лайықты орынды иемдене алды. Дүниежүзілік қоғамдастық біздің еліміздің дұрыс әрі нақты анықталған артықшылықтарын, алдына қойған мақсаттарға жетудегі реттілікті, сыртқы саясаттағы реттелген ағымды бағалайды және құрметтейді. БҰҰ және ЕҚЫҰ сияқты Қазақстан Республикасының беделді халықаралық серіктестері Қазақстанның аймақтағы орнықты рөлі мен маңызын айқын көрсетіп береді.

Инвестициялық климат
Қазақстан Республикасы бірнеше жылдар бойы инвестиция салу үшін ең қолайлы мемлекеттердің мәртебесін ұстанып отыр. Ол да айтарлықтай маңызға ие, өйткені еліміз инвестициялық жағдайды ары қарай жақсарту бойынша белсенді жұмыстарды атқаруды жалғастыруда.
1993 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта шетелдік инвестициялардың көлемі 46,2 миллиард АҚШ долларына дейін көбейді.
Біздің елімізде жұмыс атқарып жатқан инвесторлармен тікелей жұмыс жүргізу мақсатында 1998 жылы мемлекет Басшысының Жарғысымен Қазақстан Республикасының Елбасының жанындағы Шетелдік Инвесторлар Кеңесі құрылып, өз жұмысын тиімді түрде атқарып жатыр. Аталған Кеңеске ұлттық экономикамыздың ABN AMRO Bank, ENI, Access Industries, BAE Systems, Baker & McKenzie, British Gas, ChevronTexaco, Deutsche Bank, EBRD, Exxon Mobil, Ernst& Young, Eurasian Industrial Association, Ispat/LNM Group, Koch Holding, Mitsubishi, Samsung сияқты негізгі инвесторлары кіреді. Елбасымыздың төрағалық етуімен тұрақты түрде пленарлық мәжілістер өткізіліп тұрады.

Елімізде инвестициялық климатты жақсарту бойынша ары қарай жұмыс жүргізу аясында Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік дамыту бағдарламасын жүзеге асыратын және жоғары қосымша құнға ие өнімді шығаратын кәсіпорындарға жеңілдіктер мен артықшылықтар енгізуді алға қойып отыр.

Жоғарыда айтылғандарға үкіметтің мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмысын, Республикамыздың 2007 жылғы қаржы секторындағы Еуроұйым стандарттарына енгізу ниеті, Әлемдік Банктің Қазақстанды дүние жүзінің инвестицияларды салу бойынша ең қолайлы елдерінің алғашқы «жиырма елінің» қатарына қосуы, сонымен қатар біздің елімізде салық салу бойынша жалпы сома – ТМД елдерінің арасында ең төменгі дәрежеде екендігін қоса айта кетуге болады. Одан бөлек, салымшылардың сенімін нығайту мақсатында үкіметіміз келісім шарттар жасасу және лицензиялар беру барысында тұрақтылық пен әділдікке қол жеткізуді, сонымен қатар инвесторлардың құқықтарын қорғау саласында заңнаманы жетілдіруді алға қойып отыр. Осы аталғандардың бәрі, жалпылай алғанда, әрине, инвестициялар салудың ары қарай өсуіне өз үлесін тигізуі тиіс.