Оңтүстік Қазақстан аймағы туралы

Халық саны: 2 млн.адам
Аймағы: 117,3 мың км .
Климаттық жағдайлар: қыс жылы (10°С дейін), жаз ысытқ (+35°С дейін). Өсімдіктердің өсіп-өнуі және даму кезеңі -- 230-320 тәуілік. Жылдық орташа жауын-шашын саны 100 - 450 мм, биік тау аймақтарда 800 мм – ге дейін барады.
Аймақтың сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) 2006 жылы шетел инвестициясының көлемі шамамен 76,1 млрд. теңгені құрады.
Талдаудың көрсетуі бойынша, соңғы үш жылда ОҚО-ның жалпы аймақтық өнімінің көлемі 25 пайызда астам өскен, шағын және орта бизнес өкілдерінің саны бір жарым еседен астам өскен. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлік саласында 113 мыңға жуық кәсіпорындар жұмыс істеуде. Облыс бюджетіне түскен салық салымы үш жыл ішінде 5,6 пайыздан 13 пайызға дейін өскен. Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы территориясында 450 біріккен кәсіпорын (БК) мен 67 шетел компанияларының филиалдары жұмыс атқарады. Оңтүстік Қазақстан облысында БК-дарды құру бойынша негізгі әріптестер Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланды, Түркия, Ресей, Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және БіріккенАраб Эмираттары.
Оңтүстік Қазақстан облысы үшін мақта-тоқыма саласынының дамуы өте маңызды болып табылады, және облыс басшылығы осы бағытта өте белсенді жұмыс жүргізуде. Мақта өндірісінің көлемі өсіп, егін алқаптары кеңеюде. Мақта шикізатының түсімін 300 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып, мақта егу жерлерінің мелиорациясын жақсарту бойынша, шағын шаруа қожалықтарын ірілету бойынша облыста үлкен жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, тағыда бір қолайлы фактор, ол тоқыма компанияларына қажетті энергетикалық базаның дамуы. Тоқыма өнімдерін өндіретін басқа мемлекеттермен салыстырғанда аймақтағы энергия құны айтарлықтай төмен.
2006 жылы ОҚО-да мақта шикізатының жалпы терімі 455 мың тоннаны құрап. Мақта талшықтарын өндірумен облыста 19 кәсіпорын айналысады. Қазірше Қазақстанда өндірілетін барлық мақта талшықтары (98%) экспортқа бағытталған. Тек қана 2% мақтаны жергілікті компаниялар өндірісте қолданады. Бірақта облыс басшылары мақтаның негізгі бөлігін жергілікті орындарда жіп қылып өңдеуге деген талпынысын жариялады. Мақта шикізатын терең өңдейтін кәсіпорындарды құру Қазақстандық өндірушілерді Ресей мен Қытайдан тәуелсіз қылады. Біздің мақта қазір осы елдерде қайта өңделуде. Сонымен қоса, жергілікті орындарда мақта өңдеуді дамыту аймақта 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашады.

