9 декабря 2011

"Оңтүстік" АЭА-да жаңа 3-ші жоба Шымкент-Кашемир ЖШС-і іске қосылды.

      2011 жылдың 9 желтоқсанында Елбасының қатысуымен Телекөпір арқылы «Шымкент-Кашемир» ЖШС қой және түйе жүнінен, сондай-ақ түбіттен сырып тігілген көрпелер өндірісі бойынша «Дайын тоқыма бұйымдарын өндіруді ұйымдастыру» жобасының  I-кезеңі іске қосылды.

28 октября 2010

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына жұмыс сапары.

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағындағы "Oxy Textile" ЖШС-нің мақта-мата жібін шығаратын фабриканы аралады.

6 мая 2010

"Тоқыма өнеркәсібі дамуының болашағы және кадрлар дайындау мәселелері" тақырыбына арналған семинар-конференция

2010 жылғы 6 мамырда мемлекеттік мекеме "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы Дирекциясы Оңтүстік Қазақстан Облысы Әкімшілігі қолдауымен "Тоқыма өнеркәсібі дамуының болашағы және кадрлар дайындау мәселелері" тақырыбына арналған семинар-конференция өткізді.

Адрес:

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Жұлдыз а/о, Жұлдыз ауылы, Ленгір тас жолы, 7 км

Телефоны:

тел.: 8(7252) 249 266
факс: 8(7252) 249 261

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамыту Кеңесі жөніндегі Ереже

«____» ____________ 2006 жылғы
облыс әкімінің № _____
қаулысына №2 қосымша


«Оңтүстік» арнайы
экономикалық аймағын дамыту
Кеңесі жөніндегі
ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөніндегі» Заңына, Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 26 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылдың 06 шілдесіндегі №1605 «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылдың 21 қыркүйегіндегі №895 «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын 2007-2015 жылдарға дамыту жөніндегі Бағдарламаны бекіту туралы» Қаулысына сәйкес жасалған.
2. Осы Ереже «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамыту жөніндегі Кеңестің (кейіннен – Кеңес ретінде берілетін) қызметінің міндеттерін, қызметтерін, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін анықтайды.
3. Кеңес – кеңес беру және кеңесу органы болып табылады.
4. Кеңес өз қызметінің барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
5. Кеңес «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын (кейіннен «Оңтүстік» АЭА-ын) дамыту мәселелері бойынша келісілген тапсырмаларды, шешімдерді, ұсыныстарды жасау мақсатында құрылған.

Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесі

1. Жалпы ережелер


1. Осы Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесі (бұдан әрі - ереже) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында (бұдан әрі - АЭА) қызметті жүзеге асыруға жіберу тәртібін айқындайды.
2. АЭА құру мақсатына сәйкес АЭА әкімшілігі заңды тұлғаларды АЭА қатысушылары ретінде, сондай-ақ АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамыту мақсатына жету үшін қажетті қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруді жүзеге асырады.
3. АЭА әкімшілігі жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруді уәкілетті және кеден органдарымен келісім бойынша жүзеге асырады.

2. Заңды тұлғаларды АЭА қатысушылары ретінде жіберу тәртібі


4. Заңды тұлғаларға АЭА қатысушылары ретінде рұқсат беру оларды АЭА-ның құқықтың режиміне орналастыру мақсатымен жүзеге асырылады.
5. АЭА қатысушылары ретінде рұқсат беру үшін заңды тұлғаларды іріктеу кезінде мынадай өлшемдер есепке алынады:
1) қаржылық дәулеттілік және кредиттік қабілеттік;
2) алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.
3) олардың қызметінің АЭА мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
4) өнімге және онымен байланысты өмірлік цикл үрдістеріне:
егер олар міндетті техникалық реттеуге іліккен жағдайда, техникалық регламенттерге және олармен үйлестірілген мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарға;
егер олар міндетті техникалық реттеуге ілікпеген жағдайда, мемлекеттік, өңірлік және халықаралық стандарттарға сәйкес болуы.