Әкімшілік қолдау көрсету
-инвестициялық жобамен тікелей байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін барлық мәселелерді жою бойынша құқықтық көмек көрсету; - лицензия, рұқсат қағаздар алуды ұйымдастыруға, кедендік рәсімдерден өтуде әкімшілік қолдау көрсету;
- қосымша қызмет түрлерін ұсынатын компаниялармен байланыс жасау тізімін қосымша ретінде бере отырып, текстиль маркетингі, көлік, логистика жөніндегі мәліметтерді ұсына отырып, текстиль мен тігін жөніндегі техникалық мәліметтермен қамтамасыз ету бойынша ақпараттық қызмет көрсету;
• сарапшыға көмек көрсету қызметін құру. Бұл сараптама қызметі шетелге шығаруды жеңілдету үшін ғаламтор желісінде ұсынылатын қызмет болуы тиіс және төменде көрсетілгендерді қамтуы тиіс: текстиль өнімдерін шетелден әкелуге сұраныс жөнінде ақпарат ұсыну, текстиль өнімдеріне салық салу, әртүрлі елдердегі тауар айналымы бойынша мәліметтер; импортерлер мен экспортерлермен байланыс орнату мүмкіндігін ұсыну;
• «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан текстиль кәсіпорындарында өндірілген тауарларды өткізу үшін ғаламторда «Оңтүстік» веб-сайтын орнатуды қаржыландыру және оған қолдау көрсету.
• «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорындарға кеңес беру қызметі түрінде қолдау көрсету, ол текстиль кластерін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы кәсіпорындардың ары қарай дамуы үшін қажетті барлық бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді.
• текстиль өндірісі үшін мамандандырылған Дайындық орталығына қолдау көрсету және оны қаржыландыру.

