9 декабря 2011

"Оңтүстік" АЭА-да жаңа 3-ші жоба Шымкент-Кашемир ЖШС-і іске қосылды.

      2011 жылдың 9 желтоқсанында Елбасының қатысуымен Телекөпір арқылы «Шымкент-Кашемир» ЖШС қой және түйе жүнінен, сондай-ақ түбіттен сырып тігілген көрпелер өндірісі бойынша «Дайын тоқыма бұйымдарын өндіруді ұйымдастыру» жобасының  I-кезеңі іске қосылды.

28 октября 2010

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына жұмыс сапары.

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағындағы "Oxy Textile" ЖШС-нің мақта-мата жібін шығаратын фабриканы аралады.

6 мая 2010

"Тоқыма өнеркәсібі дамуының болашағы және кадрлар дайындау мәселелері" тақырыбына арналған семинар-конференция

2010 жылғы 6 мамырда мемлекеттік мекеме "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы Дирекциясы Оңтүстік Қазақстан Облысы Әкімшілігі қолдауымен "Тоқыма өнеркәсібі дамуының болашағы және кадрлар дайындау мәселелері" тақырыбына арналған семинар-конференция өткізді.

Адрес:

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Жұлдыз а/о, Жұлдыз ауылы, Ленгір тас жолы, 7 км

Телефоны:

тел.: 8(7252) 249 266
факс: 8(7252) 249 261

Кедендік артықшылықтар

Тауарларды «Оңтүстік» АЭА-ның аумағында мәлімдеу тәртібі
Тауарлар кеден органына мыналарды ұсыну арқылы мәлімдеуге жатады:
1. жүк кедендік мәлімдемесі (қазақстандық тауарлар үшін жеңілдетілген мәлімдеу үлгісі);
2. АЭА-ты құру мақсатына жету үшін мәлімденетін тауарлардың қажеттілігін растайтын құжаттар;
3. таңдалған кедендік режимнің талаптарына сәйкес келетін құжаттарды ұсыну бөлігіндегі Кедендік кодекс арқылы анықталатын басқа құжаттар.

«Оңтүстік» АЭА-ның аумағында еркін кеден аймағының кедендік режимінің ерекшеліктері

• жоғарыда көрсетілген тауарларды АЭА-тан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының басқа бөлігіне шығару кезінде кедендік алымдар мен салықтар салынады және мәлімденген кедендік режимнің шарттарына сәйкес тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.
• Қазақстан Республикасының кедендік аумағының басқа бөлігінен АЭА-тың аумағына АЭА-тың шарттары мен талаптарын сақтай отырып қазақстандық тауарларды әкелу кезінде, сонымен қатар АЭА-тың аумағынан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының басқа бөлігіне шығару кезінде кедендік алымдар мен салықтар салынбайды және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
• жоғарыда көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге шығару таңдап алынған кедендік режимнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады;
• арнайы экономикалық аймақтың аумағы (АЭА) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес еркін кедендік аймақтың (ЕКА) жеңілдетілген кедендік режимі әрекет ететін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерде орналасқан аумақ ретінде қарастырылады. АЭА-тың шекарасы оның периметрі бойынша арнайы қоршаумен жабдықталады;
• ЕКА-тың кедендік режиміне тауарларды орналастыру АЭА-тың аумағында қызмет ететін салық органында болмаса АЭА-тың аумағындағы әкімшілік басқаруды жүзеге асыруға өкілетті органда Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен тіркелген тұлғаларға рұқсат етіледі.

«Оңтүстік» АЭА-ның аумағында қайтадан өңделген тауарлар

• «Оңтүстік» АЭА-ның аумағында тауарларды өңдеуден кейін егер өнімдерді өңдеудің шығу тегі тауарлардың шығу тегі жөніндегі сертификатпен (яғни тауардың шығарылған елі Қазақстан Республикасы) бекітілген болса, басқа бөлікке кедендік алымдар мен салықтарды төлеместен шығарылады.

«Оңтүстік» АЭА-ын құру мақсатына жету үшін қажетті тауарлардың тізімі

• жоба-сызба құжаттамаларына сәйкес АЭА-тың аумағында құрылыс жүргізуге және нысандарды іске қосу үшін қажетті машиналар, құрал-жабдықтар, тауарлар мен материалдар;
• тауарларды жеткілікті өңдеу талаптарына сәйкес өңдеуге арналған тауарлар (акциздің салынуына тиесілі тауарлар);
• негізгі қызмет түрлеріне тиесілі өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті машиналар мен механизмдер, құрал-жабдықтар, арнайы мақсаттағы автокөліктер, материалдар, тауарлар және жартылай өңделген тауарлар;
• ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкциялық жұмыстарды жүргізу үшін және текстиль саласында өндірісті ұйымдастыру үшін қажетті тауарлар мен материалдар.

Тауарлардың номенклатурасын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлық номенклатурасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.