Жоба: «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында қазіргі заманғы текстиль өндірісін ұйымдастыру»
«Ютекс-KZ» АҚ-ы
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Инвестициялардың жалпы көлемі: 91,3 миллион Евро
Қажетті алаң: 5 гектар.
Құрал-жабдықтар: “Rieter” (Швейцария) компаниясының құал-жабдығымен жоғары сапалы мақта иіру өндірісінің технологиялық желісін орнату қарастырылып отыр.
Өнім түрлері:
- мақта жібі – жылына 10 440 тонна
- сатин-атлас – жылына 10 764 тонна
- сатин – жылына 5 112 тонна
- түкті мата – жылына 3 024 тонна.
Сату көлемі: жылына 45 120 600 евро.
Өнімді сату:
Өнімді келешекте сату нарқы: Қытай, Азия, Ресей, Еуропа, Жақын Шығыс.
Шамамен 1041 жұмыс орнын құру.
подробнее
Жоба: «Кешенді автоматизацияланған иіру фабрикасы»
«Oxy Textile» ЖШС-і
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Жобаның жалпы құны: 28 109 825 АҚШ доллары
Қажетті алаң: 3,5 гектар
Құрал-жабдықтар: жобада «Rieter» (Швейцария) компаниясының технологиялық құрал-жабдығын орнату қарастырылады
Өнімнің түрлері:
- мақта жібі – жылына 6 183,24 тонна
Өнімді сату:
Инвестиция салушының барлық өндірілген өнімнің көлеміне «Bimeco Garnhandel GmbH&Co.KG» (Германия) компаниясымен өнімді (жылына 6180 тонна) шетелге шығаруға жасаған келісім шарты бар.
Шамамен 260 жұмыс орнын құру.
подробнее
Жоба: «Құрамында мақта шикізаты бар гигроскопиялық мақта, мақта талшығы және техникалық карбоксиметилцеллюлоза өндіруді ұйымдастыру»
«Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС-і
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Инвестициялардың жалпы көлемі: 29 331 592 АҚШ доллары
Қажетті алаң: 6,75 гектар.
Құрал-жабдықтар: түріктің «Kerem Otamasyon» компаниясы
Өнімнің түрлері:
- гигроскопиялық мақта 2400 тонна\жыл,
- мақта целлюлозасы 2000 тонна\жыл,
техникалық карбоксиметилцеллюлоза 6250 тонна\жыл.
Сату жоспары:
Сату көлемі жылына 12 625 000 АҚШ доллары.
- ішкі нарықта 20% гигроскопиялық мақта, ТМД және Шығыс Еуропа елдеріне 80% экспортқа шығару,
- ішкі нарықта 60% техникалық карбоксиметилцеллюлоза, ҚХР мен ТМД және Шығыс Еуропа елдеріне 40% экспортқа шығару.
Шамамен 237 жұмыс орнын құру.
подробнее