9 декабря 2011

"Оңтүстік" АЭА-да жаңа 3-ші жоба Шымкент-Кашемир ЖШС-і іске қосылды.

      2011 жылдың 9 желтоқсанында Елбасының қатысуымен Телекөпір арқылы «Шымкент-Кашемир» ЖШС қой және түйе жүнінен, сондай-ақ түбіттен сырып тігілген көрпелер өндірісі бойынша «Дайын тоқыма бұйымдарын өндіруді ұйымдастыру» жобасының  I-кезеңі іске қосылды.

28 октября 2010

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына жұмыс сапары.

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағындағы "Oxy Textile" ЖШС-нің мақта-мата жібін шығаратын фабриканы аралады.

6 мая 2010

"Тоқыма өнеркәсібі дамуының болашағы және кадрлар дайындау мәселелері" тақырыбына арналған семинар-конференция

2010 жылғы 6 мамырда мемлекеттік мекеме "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы Дирекциясы Оңтүстік Қазақстан Облысы Әкімшілігі қолдауымен "Тоқыма өнеркәсібі дамуының болашағы және кадрлар дайындау мәселелері" тақырыбына арналған семинар-конференция өткізді.

Адрес:

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Жұлдыз а/о, Жұлдыз ауылы, Ленгір тас жолы, 7 км

Телефоны:

тел.: 8(7252) 249 266
факс: 8(7252) 249 261

Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы Заң

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық аймақтар құрудың, олардың жұмыс істеуінің және таратылуының тәртібі мен шарттарын айқындайды.


1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы экономикалық аймақ - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасының шектеулі аумағы;
2) арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі - арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс істейтін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі;
3) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және қызмет жүргізу туралы келісім жасасқан заңды тұлға;
4) инфрақұрылымдық ресурстар - арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының жылу және электр энергиясына, сумен жабдықтауға, кәріздер жүргізуге, көлік коммуникацияларына, байланыс қызметін көрсетуге және қызмет көрсетудің өзге де түрлеріне қажеттіліктерін
қамтамасыз ететін ғимараттар кешені;
5) қызметтің басым түрлері - арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері;
6) қызметті жүргізу туралы келісім - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мен арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі арасында жасалатын, тараптардың арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру мәселелері
жөніндегі құқықтары мен міндеттерін белгілейтін шарт;
7) оператор компания - арнайы экономикалық аймақ қатысушыларын тарту, қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін оларды инфрақұрылымдық ресурстармен және өзге де жағдайлармен тиімді қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
8) сарапшылық кеңес - арнайы экономикалық аймақтар құрудың немесе оларды таратудың мақсатқа сай екендігі туралы қорытынды беру үшін уәкілетті органның жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші орган;
9) уәкілетті орган - арнайы экономикалық аймақтар құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
zakon-rk-o-sjez.doc [58.5 Kb] (cкачиваний: 171)