«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын 20Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі № 895 Қаулысы
2007-2015 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 895 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Мүдделі министрліктер, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі және ұйымдар:
1) Бағдарламаны тиісінше және уақтылы орындауды қамтамасыз етсін;
2) жарты жылда бір рет, есептіден кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалуы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Д. Ахметов
postanovlenie-pravitelstva-rk.rar [43.71 Kb] (cкачиваний: 18)

