Арнайы экономикалық аймақтың мақсаты мен міндеттері
«Оңтүстік» АЭА-ын құру мақсаты ретінде Қазақстан Республикасының дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін алғышарттарды жасауға мүмкіндік беретін оның бәсекеге қабілеттігін арттыру және текстиль өнеркәсібін дамыту болып табылады.
«Оңтүстік» АЭА-ның негізгі міндеттері мыналар болып есептеледі:
• аумақтағы текстиль кәсіпорындарының ресурстарды (электр қуатын, газды, суды) тиімді қолдануына әсер ететін инженерлік жүргізілетін желілердің құрылысы;
• коммуникациялық инфрақұрылымдардың (автокөлік жолдары, темір жолдар, телефон желілері) құрылысы, қайта қалпына келтірілуі;
• «Оңтүстік» АЭА-ның мүмкіндіктері мен артықшылықтарын келешек инвесторларға таныстыруға бағытталған тұсау кесерлік және басқа жарнамалық іс-шараларды жүргізу;
• «Оңтүстік» АЭА-ның аумағында жоба құру мақсаттарына сәйкес келетін инвестициялық жобаларды сұрыптау талаптарын қалыптастыру;
• «Оңтүстік» АЭА-ның аумағында тігінен жинақталған құрылымға ие, жоғары технологиялық өндірістердің құрылысының есебінен шетелге шығаруға бағытталған өндірістердің құрылысын қамтамасыз ету;
• «Оңтүстік» АЭА-ның аумағында өндірілген отандық текстиль тауарларын дүниежүзілік тауар нарқына шығаруға қолдау көрсету;
• «Оңтүстік» АЭА-ның аумағындағы текстиль кәсіпорындарын қолдау үшін бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
• кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесін ұйымдастыру.

